Ақмола облысының тұрғыны кәмелетке толмаған баланы 35 жерінен пышақтап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының тұрғыны кәмелетке толмаған баланы 35 жерінен пышақтап тастаған © ptzgovorit.ru

Ақмола облысының тұрғыны қызғаныштан кәмелет жасына толмаған баланы 35 жерінен пышақтап, бауыздаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының тұрғыны қызғаныштан кәмелет жасына толмаған баланы 35 жерінен пышақтап, бауыздаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Сот анықтағандай, азамат Ш., қызғаныш салдарынан, масаң күйде, кәмелетке толмағанға пышақпен 35 соққы жасап, тамағын кескен. Алған пышақ жарақаттарының нәтижесінде кәмелетке толмаған қайтыс болды", - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5, 14-тармақшаларымен ("Адам өлтіру") қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қатаң режимдегi түзеу колониясында жазасын өтеумен 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, осы сот үкімімен азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабымен ("Қылмысты жасырып қалу") және 434-бабымен ("Қылмыс туралы хабарламау") қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегi түзеу колониясында жазасын өтеумен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны хабарланып отыр. Жәбірленушінің пайдасына моральдық залал өндіріп алыныпты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, ер адамның жасаған әрекеттерінде қылмыстардың қайталану қаупі бар деп танылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети