Ақмолалық мұғалім есірткі сатушылар қылмыстық тобын басқарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмолалық мұғалім есірткі сатушылар қылмыстық тобын басқарған видеодан үзінді

Ақмола облысында есірткі сатушылар ұсталды, олардың арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі де бар, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында есірткі сатушылар ұсталды, олардың арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі де бар, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Ақмола облысында мектеп мұғалімі героин саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, алдымен тауар жеткізуші және мұғалім мен оның күйеуі, Одесское ауылында есірткі алып жатқан кезінде қолға түскен. 

"Қазір 3 адам қамауға алынды. Мектеп мұғалімінің өзі, күйеуі және есірткі жеткізіп тұрған азамат. 3 күдікті қолхатпен жіберілді. Бұлардың қатары әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені олар есірткіні осы маңайдағы Степногор қаласында, Шортанды, Ақкөл аудандарында сатты деген күдік бар", - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук. 

Тағы үшеуін күдіктілердің көрсетуі бойынша ұстаған. Тергеу мәліметінше, ауыл мектебінде, бастауыш сыныпқа ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалім есірткі бизнесін әбден дөңгелеткенге ұқсайды. Оған клиенттері телефон арқылы тапсырыс беріп отырған. Ал ұстаз тауарды жеке автокөлігімен үйлеріне жеткізіп тұрыпты. Оны кезекті саудасы кезінде ұстаған полицейлер, үйінен 16 грамм героин және 200 мың теңге ақша тәркіледі. Қазір жазғы демалыста жүрген мектеп мұғалімі бұл есірткі бизнесіне тағы 5 адамды тартқан. Қылмыстық топты басқарған әйелдің қолы тимей қалғанда, есірткіні азаматтық некедегі күйеуі жеткізіп тұрыпты.

"Аталған қылмысқа кәмелетке жасы толмаған қызы, сіңлісі де тартылған болуы мүмкін", - дейді полицейлер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети