Ақтау көшесінде ер адамды ұрып-соққандар камераға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау көшесінде ер адамды ұрып-соққандар камераға түсіп қалды ©youtube.com/ladakz

Ақтау полицейлері осыдан бір-екі күн бұрын Интернетте пайда болған "Ақтау жастары" ролигінің "кейіпкерлерін" іздестіріп жатыр. Видеода жігіт масаңдау ер адамды құлаштап ұрып, жерге құлатады, - деп жазады жергілікті "Лада" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау полицейлері осыдан бір-екі күн бұрын Интернетте пайда болған "Ақтау жастары" ролигінің "кейіпкерлерін" іздестіріп жатыр. Видеода жігіт масаңдау ер адамды құлаштап ұрып, жерге құлатады, - деп жазады жергілікті "Лада" порталы.

Сюжет бойынша, ондай қатыгездіктің неден пайда болғаны белгісіз. Роликті оқырмандардың бірі "Лада" порталының сайтына ("Ел жаңалықтары" айдарына) жариялаған. "Таныстарым Whatsapp арқылы видеоны салып жіберді, онда 9-ықшамауданындағы колледждің жанында жастардың масаңдау ер адамның қасында көңіл көтеріп, бірі оны ұрып (қашан болғанын білмеймін) жатқаны түсірілген. Бүгін телеарнадан аялдамада мас адамды ұрып жатқан жігіттерді көрдім. БАҚ мұны бірден елеп-ескеріп, ол жасөспірімдер ұсталып, жауапқа тартылды. Сіздер де бұған бейжай қарамай, шара қолданасыздар деп ойлаймын", - деп жазды қолданушы.

"Полиция қызметкерлері роликтегілердің кім екенін және олардың тұратын жерлерін анықтап жатыр. Видеороликтегілердің кім екені анықталған соң, біз қосымша ақпарат береміз", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Желіде Астанадағы аялдамада ер адамды ұрып-соққан жасөспірімдер туралы видеоролик пайда болған еді. Кейін олардың кім екені анықталып, ұсталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети