Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды Коллаж

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кеше, 22 тамызда полицейлер 6 жасар қыз жоғалған дүкенде видеокамераға түсіп қалған ер адамды ұстады. 

Күдікті Ақтау түбіндегі құрылыстардың бірінен табылған. 

"Қазіргі уақытта ұсталған ер адамның бұл қылмысқа қатысын анықтау мақсатында бірқатар сараптама жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. 

Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал кейін полицейлер 6 жасар қызды зорлаған адамды іздестіруге көмек сұрап, күдіктінің бағыттамасын таратты. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети