Ақтауда ер адамды ұрып-соққандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ер адамды ұрып-соққандар ұсталды ©Lada.kz

Полиция Ақтау көшесінде ер адамды ұрып-соққандар туралы Интернеттегі атышулы видеороликтің "кейіпкерлерін" қолға түсірді, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Ақтау көшесінде ер адамды ұрып-соққандар туралы Интернеттегі атышулы видеороликтің "кейіпкерлерін" қолға түсірді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, камераға түсіп қалғандардың кейбіреулерінің кім екені анықталды. "Тергеу ер адамды ұрған азаматтың Қызылтөбе ауылының тұрғыны екенін анықтады. Ол 1999 жылы туылған. Жігіт қазірдің өзінде түсінік беріп үлгерді. Оның айтуынша, масаңдау ер адам оларды балағаттап, сол әрекетке өзі ұрындырған. Оқиғаға қатысты барлық дерек анықталып жатыр. Зардап шеккен адамды полиция әлі тапқан жоқ. "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді ІІД өкілі.

Еске сала кетейік, Интернетте пайда болған "Ақтау жастары" ролигінде жігіт масаңдау ер адамды құлаштап ұрып, жерге құлатады. Мұндай қатыгездіктің неден пайда болғаны белгісіз. Видеоны жіберген адамның мәліметінше, оқиға қаладағы 9-ықшамауданындағы колледждің жанында болған. "Бүгін телеарнадан аялдамада мас адамды ұрып жатқан жігіттерді көрдім. БАҚ мұны бірден елеп-ескеріп, ол жасөспірімдер ұсталып, жауапқа тартылды. Сіздер де бұған бейжай қарамай, шара қолданасыздар деп ойлаймын", - деп жазды ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети