Ақтауда көпбалалы көңілдесінің көлігін айдап әкетіп, соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда көпбалалы көңілдесінің көлігін айдап әкетіп, соқты © auto.tsn.ua

Ақтауда 19 жастағы қыз көпбалалы көңілдесінің көлігін айдап әкетіп, соғып алды, - деп хабарлайлы "Лада" құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 19 жастағы қыз көпбалалы көңілдесінің көлігін айдап әкетіп, соғып алды, - деп хабарлайлы "Лада" құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Оқиға қаланың 30-ықшамауданында болған. Оқиға болған кеште жұп қаладағы көңіл көтеру мекемелерінің бірінде демалған, кейін ер адамның досының пәтеріне барады. Ал досы бұл уақытта шетелге демалысқа кеткен. Таңертең ер адам өзінің Mitsubishi Outlander маркалы автомобилінің жоғалғанын біледі.  

Кейін қыздың ер адам ұйықтап жатқан кезінде көлігін айдап әкеткені анықталады. Қыздың айтуынша, ол дүкеннен сусын алғысы келген, алайда тізгінге ие бола алмай қалып, бетон қоршауға барып соғылған. Бұдан кейін қыз үйіне кетіп қалыпты. 

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, алты баланың әкесі полициядан көмек сұрапты, бірақ кейін өз арызын қайтарып алған. "Ер адам қызды аяған шығар, алайда ол өз әйелінің бұл оқиғаны білмеуі үшін арызын әдейі алған да болуы ғажап емес. Ер адамның мұндай қылығына үкім айтқым келмейді, бірақ қыз ойсыздық жасады, себебі ер адам істі татулықсыз шешетін болса, келген шығынды өтеуі тиіс болар еді, оның үстіне көлікті айдап әкеткені үшін қамалуы да мүмкін еді", - деді дереккөз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети