Ақтауда пәтерді тонаған әккі ұры терезеден жамылғылар арқылы түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда пәтерді тонаған әккі ұры терезеден жамылғылар арқылы түскен © Lada.kz

Ақтауда пәтер тонаушы үй терезесінен көрпелер арқылы түскен, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда пәтер тонаушы үй терезесінен көрпелер арқылы түскен, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ұры 13-ықшамаудандағы екі галереялы үйде орналасқан үш пәтерді тонамақ болған. Екі пәтердің иелері үйде болмаған кезде, ұры үйдің ішіне өте алған. Ал үшінші пәтерге терезеде темір тор болғандықтан кіре алмаған екен.

№42 галереялы үйдің екінші қабатындағы және № 42"А" үйінің бесінші қабатындағы тұрғындар пәтер тонаушыдан зардап шеккен. Ұры соңғы пәтерге байланған кілемдер мен жамылғыштардың көмегімен кірген болып шықты. Айта кетейік, пәтер тонаушы қалдырып кеткен кілем пәтер иесінің терезесінен табылды.

"Біз емханаға кеткенбіз. Қызыма екпе жасату керек болатын. Бір сағат уақыттай болмадық. Кейіннен терезеге қарасақ, ас бөлменің терезесі сынған күйінде тұр. Құлыпта да түйреуішке ұқсас зат ілініп тұрды. Біреу есікті ашпақ болғаны көрініп тұрды. Сосын терезе арқылы кірмекші болған, онда да тор болғандықтан кіре алмаған көрінеді. Осының барлығы шамамен сағат 8.30 бен 10.00 аралығында болды. Көршіміз хабарласып, біреулердің біздің үйдегі бірнеше пәтерді тонамақ болғанын айтып, хабарласты", - деді зардап шеккендердің бірі.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Пәтер иелеріне келтірілген шығынның көлемі әлі анықталмады.


© Lada.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети