Ақтауда үш адамды пышақтаған жігіт сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда үш адамды пышақтаған жігіт сотталды

Биыл 10 сәуірде үш адамды пышақтап, оның біреуін өлтірген қаскөй сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды "инАктау".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 10 сәуірде үш адамды пышақтап, оның біреуін өлтірген қаскөй сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды "инАктау".

Сот ісі материалдарынан Ақтау қаласының тұрғыны мас күйде еш себепсіз ер адамның кеудесіне пышақ ұрып, бірге тұратын әйелдің үйіне кетіп қалған.

Әйел үйінде жалғыз болмаған, қонаққа құрбысы келген. Үшеуі ішімдік ішкен, нәтижесінде бірге тұрып жатқан ер мен әйелдің арасында жанжал шыққан. Көп ойланбастан ер адам үстел үстінде тұрған пышақпен пәтер иесінің кеудесіне пышақ ұрған. Сосын ол қонаққа келген құрбысына да пышақ ұрып, өлтірген. Әйел оқиға орнында қайтыс болған. Бірге тұрған әйелді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру"), 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру"), 3-бабы 24-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу"), 99-бабы 1-бөлігі 2-тармағы бойынша күдіктіге айып тағылды. Сот ер адамды кінәлі деп тапты және 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети