Ақтөбе облысында араққа мас ауыл әкімі қызметкерін балағаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында араққа мас ауыл әкімі қызметкерін балағаттаған © kerek-info.kz

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызметкерін тілдегені үшін заң алдында жауапқа тартылды. 29 жастағы жігіт енді мемлекетке 20 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Керек.info басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызметкерін тілдегені үшін заң алдында жауапқа тартылды. 29 жастағы жігіт енді мемлекетке 20 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Керек.info басылымы.

Оқиға 3 қараша күні түсте Қобда ауданы Жаңаталап ауылында болған. Әкімшілік ғимаратына мас күйінде келген әкім ауылдасын еш себепсіз балағаттаған. "Қоғамдық орында жұрттың көзінше ар-намысымды қорлады" деген әйел сотқа жүгінеді. Аудандық сот жоғары білімді шенеунікті айыппұл төлеуге міндеттеді. Ол енді мемлекетке 19 мың 820 теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Судья Әбітхан Анарбаевтың айтуынша, шағымданушы әйел 39 жаста. Мекемеде курьер болып жұмыс істеген.
Жаңаталап ауылдық әкімдігіндегі қызметкерлердің айтуынша, жас әкімнің жұмыс істегеніне 3 жыл болған. Ол небәрі 26 жасында лауазымды қызметке тағайындалыпты. Қазір әкімнің міндетін бас маман Нұржауған Жұмашева атқарып жүр. Ұсақ бұзақылық жасаған әкім қызметтен кеткен. Қобда ауданының әкімдігі бұл жайттан хабарсыз болып шықты. Әкім орынбасары Бұлбұл Елеусінованың айтуынша, шенеунік денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети