Ақтөбе облысында мұнай ұрлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында мұнай ұрлағандар ұсталды © diapazon.kz

Ақтөбе облысында 2010 жылы мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың басшысы болды делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 2010 жылы мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың басшысы болды делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ  мәліметінше, ұсталған адам 2010 жылдың қарашасынан желтоқсанға дейін қылмыстық топты құрып, Ақтөбе облысының аумағында терминалдардан мұнай ұрлығымен айналысқан. 

"Қаскүнемге мұнай құбырын тесіп, насос жалғаса болғаны - 20-40 минутта бір автоцистернаны толтырады. Ары қарай ұрланған шикізатты жалған құжатпен сатады. Осындай "қара алтын" ұрлығымен айналысқан, бұрындары іздеуде жүрген 54 жастағы ер адам жедел-профилактикалық шаралар барысында ұсталды", - делінген хабарламада. 

Үш күн ішінде 74 қылмыскер ұсталды, олар іздеуде жүрген, сонымен қатар өткен жылдары іздеуде болған адамдар да ұсталды. 1874 қылмыстың беті ашылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course down  593.07  course down  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети