Ақтөбе облысында подполковник ұсталды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында подполковник ұсталды - видео

Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ бастығының орынбасары полиция полковнигі пара алды деген күдікпен қылмыстық істі тергеуде. Аталған лауазымды тұлға жұмысқа орналасу кезінде көрсеткен көмегі үшін көлемді мөлшерде 400 000 теңге сомасында алынған параны азаматшаға қайтару кезінде ұсталды", - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети