Ақтөбе тұрғыны екі келі есірткіні балконында сақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны екі келі есірткіні балконында сақтаған

Ақтөбе тұрғыны екі келі есірткіні балконында сақтаған. Оның айтуынша, есірткіні өзі пайдалану мақсатында саяжайдан жинап алып, сақтаған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны екі келі есірткіні балконында сақтаған. Оның айтуынша, есірткіні өзі пайдалану мақсатында саяжайдан жинап алып, сақтаған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлеріне облыс орталығының тұрғыны есірткі затын сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

"Ақпаратты тексеру кезінде 30 жастағы ер адам өз еркімен өсімдік тектес, жасыл түсті иісі бар зат берген. Алынған марихуана салмағы 1 келі 949 грамм. Күдіктінің айтуынша, есірткі зат қараусыз қалған саяжайларда өзі пайдалану үшін жинаған", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, 18 мамырда Ибатов көшесінің бойында полиция қызметкерлеріне бір келіден аса марихуана өзі берген тағы бір Ақтөбе тұрғыны ұсталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы 4-бөлігі ("есірткі құралдарын заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.

Жыл басынан бері полицейлер 116 келі есірткі тәркіледі (марихуана - автор түсіндірмесі) және есірткі сату бойынша 20 дерек анықталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети