Ақтөбеде алаяқ қыз 45 млн теңге пайда тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде алаяқ қыз 45 млн теңге пайда тапқан Э.Баязова. ©Ақтөбе облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде мемлекеттік қордан жер телімін алып беремін деп халықты арбап, 45 млн теңге тапқан алаяқ ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 29 жастағы Баязова мемлекеттік қордан жер телімдерін және жалға берілетін пәтерлерді алуға көмектесемін деп аңқау азаматтарды алдап, олардан ақша алған. Алаяқ қыз алған сомасына жалған қарыз шартын жасап отырған. Тергеушілердің мәліметінше, ол сыбайластарымен бірге әрекет еткен, бірақ әзірше қылмыстық іс Баязоваға қатысты қозғалып отыр. Полицияға алаяқ қызға алданған 30 азамат шағымданды. Тәртіп сақшылары Баязовадан зардап шеккендердің әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алаяқтық дерегі бойынша жүргізілген тергеу аяқталып, іс жуырда сотқа жолданады. Баязованың өзі кепілдікпен уақытша босатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети