Ақтөбеде алаяқтықпен айналысқан 4 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде алаяқтықпен айналысқан 4 адам ұсталды Тengrinews.kz иллюстрациясы

Ақтөбеде үш күннің ішінде алаяқтарға алданып, қомақты қаржысынан айырылған төрт адам полицияға шағымданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алаяқтар тұрғындардың барлығы бір миллион теңгеден астам ақшасын алып кеткен. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде үш күннің ішінде алаяқтарға алданып, қомақты қаржысынан айырылған төрт адам полицияға шағымданды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алаяқтар тұрғындардың барлығы бір миллион теңгеден астам ақшасын алып кеткен. 

Полицейлердің мәліметінше, қаңтардың 6-8 күндері алаяқтықтың төрт дерегі тіркеліп, бәрі де көп ұзамай ашылды. 6 қаңтар күні кезекші бөлімге 46 жастағы қала тұрғыны шағымданып, 36 жастағы бейтаныс әйел "ұлымды емдетуге қаржы бере тұр" деп алдап, 450 мың теңгесін алып кеткенін айтқан. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 

7 қаңтар күні полицияға 37 жастағы қала тұрғыны шағымданды, ол өзін бейтаныс әйелдің "жер телімін алуға көмектесемін" деп алдап, 600 мың теңгесін алып кеткенін айтты. Бұл алаяқ әйел де ұсталды.

8 қаңтар күні алаяқтықтың екі дерегі тіркелді: 31 жастағы тағы бір әйел Ақтөбенің 42 жастағы тұрғынын "асүй жиһазын қондырып беремін" деп алдап, 190 мың теңгесін алып кетсе, 34 жастағы бір ер адам зейнеткер әйелді "дуал қондырып беремін" деп сазға отырғызған, қария алаяқтың қолына 125 мың теңгесін ұстатқан. Тәртіп сақшылары екі күдіктіні де ұстады. 

"Аталған фактілер бойынша ҚК ҚК 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау туралы қолхатпен босатылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. Полицейлер жергілікті тұрғындарға әрдайым қырағы болып, алаяқтардың құрбанына айналмауды ескертеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети