Ақтөбеде атыс шығарғандар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде атыс шығарғандар сотталды © unsplash.com

Ақтөбеде ер адамдар ақша үшін атыс шығарған, - деп хабарлайды Times.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ер адамдар ақша үшін атыс шығарған, - деп хабарлайды Times.kz.

Басылымның мәліметінше, 2011 жылы Ж. есімді ер адам өзінің көлігін Н. есімді ер адамға 5 мың долларға (төлеу мерзімін ұзарту арқылы) cатқан. Себебі сатып алушыға банк несие беруден бас тартқан. Осы көлікпен 3-4 ай жүрген соң ер адам оны басқа біреуге сатып жіберіп, алған ақшаны Ж. есімді сатушыға қайтармаған.

2017 жылдың 20 сәуірінде екі ер адам кездесіп, қарыз жайлы сөйлесіп, әңгіме төбелеспен аяқталған. Сол күні кешкі уақытта Н. есімді ер адам сатушының үйіне өзінің достарымен бірге келіп, қару алып, сатушымен сөйлеспекші болған. Журналистердің айтуынша, Ж. есімді ер адам үйінен винтовка алып шыққан.

Атыс кезінде Ж. жарақат алған. Ал екінші ер адам таксиге мініп кетіп, қаруды өзенге қарай лақтырып жіберген. Жарақат алған ер адамды өтіп бара жатқандар көріп, жедел жәрдем шақырған. Алайда, өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

"Прокуратура органдары адам өлімі дерегі бойынша бірден қылмыстық іс қозғады, тергеу басталды. Нәтижесінде осы қылмыстың мән-жайы анықталып, іске қатысы бар адамдардың барлығы анықталды", - деп жазады басылым.

Басылымның мәліметінше, сот 32 жастағы Н. есімді азаматты айыпты деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сотталушыға қаза болған ер адамның отбасына моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге және жерлеу рәсіміне 1 миллион 200 мың теңге төлеуді міндеттелді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети