Ақтөбеде оқушы қызды пәктігінен айырды делінген күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

А?т?беде 8-сынып о?ушысыны? п?ктігінен айырылу дерегі бойынша сот?а дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде 8-сынып оқушысының пәктігінен айырылу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") тергеу жүргізіліп жатыр. 19 жастағы күдікті қаладан шықпау туралы қолхатпен жүр.

"Кәмелетке толмаған қыздың анасы арыз қалдырды. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша қандай шаралардың қолданылатыны белгілі болады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде 4 күн бұрын жоғалған оқушы қыздың пәктігінен айырылғаны белгілі болған еді. Ақтөбе әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау істері жөніндегі комиссияның хатшысы Ботагөз Бисенованың айтуынша, қыздың ата-анасы бар, ақтөбелік мектепте 8-сыныпта оқиды. Ол тамызда 15 жасқа толады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама