25 сәуір 2017 22:17

Ақтөбеде 4 күн бұрын жоғалған оқушы қыздың пәктігінен айырылғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 4 күн бұрын жоғалған сегізінші сынып оқушысы пәктігінен айырылған болып шықты, - деп хабарлайды Timeskz.


Ақтөбеде 4 күн бұрын жоғалған сегізінші сынып оқушысы пәктігінен айырылған болып шықты, - деп хабарлайды Timeskz.

Ақтөбе әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау істері жөніндегі комиссияның хатшысы Ботагөз Бисенованың айтуынша, қыздың ата-анасы бар, ақтөбелік мектепте 8-сыныпта оқиды. Ол тамызда 15 жасқа толады. 

"Қыз үш мәрте үйінен қашып кеткен. Бірінші кеткенінде ешкімге ештеңе айтпай, кешке бірақ келген. Екінші рет кеткенде бір тәулік бойы жоғалған. Таяуда қыз шешесімен жанжалдасып, "Мегада" жүрген, бөтен үйдің кіреберісінде түнеген, қайтып келсе, ұрыс істимін деп қорыққан, ал кейін сабағына бармаған. Таңертең үйіне оралған. Ал үшінші кеткенінде төрт күн жоғалған, ол Хромтау ауданы орталығында табылды", - деп әңгімеледі Бисенова. 

Оның айтуынша, сегізінші сынып оқушысы әлеуметтік желілерде ересек адамдармен достасқан. Солардың бірінің көлігіне отырып, Хромтауға кетіп қалыпты. 

"Жолда көлік ішінде оны пәктігінен айырған, - дейді Бисенова. - Жігіт кәмелет жасынан асқан, 19-да. Ол мұның барлығын екі жақтың келісімімен болғанын айтса да, қылмыстық іс қозғалды".

Таяуда кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия полицияның нұсқасымен келісіп, іс материалдары ювеналды сотқа жолданыпты. Енді қыз баланың Қызылордадағы әумесерлік мінез-құлығы бар балалардың арнайы мектебіне бара ма, жоқ па - мұны сот шешеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети