Астанада сол жағалаудағы көше учаскесі жыл аяғына дейін жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сол жағалаудағы көше учаскесі жыл аяғына дейін жабылады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі 20 маусымнан бастап 2026 жылдың аяғына дейін жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жариялады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Астана әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәліметінше, "Алматы көшесі бойында Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейін көлік тоннелін салу" жобасы аясында 20 маусымнан бастап жыл аяғына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толықтай жабылады.

"Бұл ретте Алматы/Ақмешіт және Алматы/Түркістан қиылыстары ашық болады", - деп нақтылады орталық өкілдері.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

улица АлматыФото: t.me/ikomek109

TengriAuto