Камера қателессе, ақша қайтарылады. Прокуратура қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камера қателессе, ақша қайтарылады. Прокуратура қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады Фото:depositphotos.com

Аягөз көшелерінің бірінде қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 шақырым деп белгіленгенімен, камералар сағатына 40 шақырым жылдамдықты тіркеген, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Аягөз көшелерінің бірінде қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 шақырым деп белгіленгенімен, камералар сағатына 40 шақырым жылдамдықты тіркеген, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Абай облысының прокуратурасы мәліметінше, кешен жұмысындағы қателіктер салдарынан 172 жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін заңсыз айыппұл салынған.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық заңсыз шығарылған нұсқамалардың күші жойылды, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды", - деді ведомство өкілдері.

Жүргізушілерге 800 мың теңгеден аса қаражат қайтарылғаны белгілі болды. Ақшалай қаражатты қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Прокуратурадағылар егер жүргізушілер өзін әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылды деп санаса, уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе прокуратура органдарына жүгіне алатынын түсіндірді.

Камералар қателігі

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Қазақстанда жүргізушілерге жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынғаны туралы видео тарап жатыр.

Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, әкімшілік жауапкершілік бұрынғысынша жылдамдықты тек сағатына 10 шақырым және одан жоғары асырған кезде ғана жүктелетінін хабарлады. Яғни, жылдамдықты асыру шегі төмендетілмейді.

TengriAuto