Ақтөбеде пара ретінде iPhone 5 алған полицей сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде пара ретінде iPhone 5 алған полицей сотталды © kerek-info.kz

Ақтөбеде пара ретінде iPhone 5 телефонын алған полицей үш жылға сотталды, - деп хабарлайды Керек.info. Бұған дейін кепілмен бостандықта жүрген жол-патрульдік полициясының бұрынғы рота командирі бас бостандығынан айырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде пара ретінде iPhone 5 телефонын алған полицей үш жылға сотталды, - деп хабарлайды Керек.info. Бұған дейін кепілмен бостандықта жүрген жол-патрульдік полициясының бұрынғы рота командирі бас бостандығынан айырылды.

Оқиға биыл наурызда болған. Алтай Сұлтанов "тәртіптік жазадан құтқарамын" деген уәдемен қарамағындағы қызметкерден iPhone 5 телефонын алған. Басшысының айтқанынан шыға алмаған полицей оны 125 мың теңгеге сатып алған. Параны басшысына жүргізушісі арқылы беріпті. Алайда бірер айдан соң жәбірленуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлеріне шағымданады. Бір қызығы, шағым жазған адамның өзі де қазір үстінен іс қозғалуына байланысты тергеуде жүрген болып шықты. Сотта ол Алтай Сұлтановтың қызметке тағайындалғаннан кейін жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге әкімшілік айыппұл салуда жоспарды көбейткендігін айтты.

Сот жарыссөзінде адвокат Катербай Раисов Сұлтановты бостандықта қалдырып, 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді сұрады.

15 қарашада судья Алданов пара алған полицейге үкім шығарды. Алтай Сұлтанов мүлкі тәркіленіп, 3 жылға сотталды. Бұған дейін кепілмен бостандықта жүрген полицей сот залында қамауға алынды. Бұған қоса ол өмір бойына құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айрылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети