Ақтөбеде полиция қызметкеріне оқ атқан қылмыскерге сот үкім шығарды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде полиция қызметкеріне оқ атқан қылмыскерге сот үкім шығарды

Ақтөбеде ресейлік азамат полиция қызметкеріне оқ атып жарақаттағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ресейлік азамат полиция қызметкеріне оқ атып жарақаттағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Бұл оқиға былтыр қараша айында болған, ресейлік азамат бірге тұратын әйелмен болған жанжалдан кейін, әйелдің танысы полиция қызметкерлерін шақырған. Кейін ол полиция бекетіне жеткізілген.

Ол жақта қаскүнем қызметкердің шкафта қалдырып кеткен табельдік қаруын иемденіп алған. Қылмыскер қарумен екі полиция қызметкеріне барып, оларға жерге жатуды бұйырған. 

Полицейлерді ол қарумен қорқытып кісен мен көліктің кілтен беруді сұраған. Қылмыскер сол уақытта ауаға бір оқ атып, кейін полиция қызметкерінің аяғын жаралаған. Осы уақытта бір сақшы қызметкері оған әдіс қолданып жерге құлатқан. 

Сондай-ақ ресейлік азаматқа халықаралық іздеу жарияланған екен. 

11 ақпанда Ақтөбенің соты ресейлік азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабының 1,2 бөліктері бойынша айыпты деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети