Ақтөбеде қаскөй лифт ішінде тұрған қызға тап берген

© infovoronezh.ru

А?т?беде ?аск?й лифт ішінде т?р?ан ?ыз?а тап берген, - деп жазады "Диапазон".

Ақтөбеде қаскөй лифт ішінде тұрған қызға тап берген, - деп жазады "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, ер адам 9-қабатта баспалдақ жақта тұрған. Cол кезде ол лифтке төменгі қабаттан қыздың кіргенін көрген. Содан қыздың соңына түсіп, оны мойнынан ұстап алып, қылғындыра бастаған. Мұнымен қоса, ұрамын деп қорқытқан. Сондай-ақ, ер адамның қыздың сөмкесін алып кеткені айтылады.

Күдікті бір аптадан соң ғана ұсталған. Қазіргі уақытта 38 жастағы ер адам Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі сотта жауап беріп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін де Ақтөбеде лифтте төтенше жағдай болған еді. 2018 жылдың 4 сәуірінде тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың аяғын лифт жұлып кеткен болатын. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабының 2-бөлігі ("Сапасыз салынған құрылыс") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама