Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткен

05 Сәуір 2018, 14:07
0
Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткен - © pixabay.com
© pixabay.com

Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адам, аяғы жұлынып кетіп, алған жарақатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.

"Әйел лифтке үш жасар баламен кірген. Аяғы лифтінің арғы жағында қалып қалған. Есік жабылып кетіп, лифт бірден жүріп кеткен. Аяғы кесіп алынды. Бірақ әйелдің өмірін дәрігерлер аман алып қала алмады", - деді жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Дәрігердің айтуынша, баланың жағдайы жақсы, аман-есен.

"Баланың жағдайы дұрыс. Құтқарушылар келіп, оны алып шықты", - деді Дастан Неталиева.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай