Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ұсталды © Tengrinews.kz

Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісі Жантөрин Ғ. есімді азаматты ұстады", - делінген таралған баспасөз хабарламада.

Антикоррупциялық ведомство өкілдерінің мәліметінше, полковник Жантөрин қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлім жетекшілерінен медициналық комиссиядан кедергісіз өткізу үшін және Әскери-техникалық мектепке үміткерлердің түсуі, борышкерлердің қызметін кейін қалдыру, сонымен қатар әскери қызметшілерді жақтаушылық үшін жүйелі түрде пара алған.

Қазіргі уақытта ол Ақтөбе ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети