Ақтөбеде тағы екі алаяқ әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде тағы екі алаяқ әйел ұсталды ©Tengrinews.kz

Ақтөбеде тұрғындарды жер телімін алып беремін және несие алуға көмектесемін деп алдап, қомақты қаражатын иеленіп кеткен екі алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде тұрғындарды жер телімін алып беремін және несие алуға көмектесемін деп алдап, қомақты қаражатын иеленіп кеткен екі алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері 2013 жылдан бері жер телімін алуға көмектемесін деп тұрғындарды алдап келген 54 жастағы әйелді қолға түсірді. Ол жәбірленушілерге 5 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда оның алаяқтық бойынша 5 фактіге қатысы бар екені анықталып отыр, тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады.

Сонымен қатар, 22 қаңтар күні сағат 17.20-да кезекші бөлімге 36 жастағы қала тұрғыны шағымданып, бейтаныс әйелдің ипотекалық несие рәсімдеуге көмек беремін, деп алдап 90 мың теңгесін алып кеткенін айтты. Көп ұзамай криминалдық полиция қызметкерлері 54 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Тергеу амалдарын жүргізу барысында полицейлер оның осыған ұқсас тағы 7 қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Қазіргі таңда ұсталған екі алаяқтың екеуі де "ешқайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау" туралы қолхатпен босатылды. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбеде алаяқтардан зардап шеккен тұрғындардың қатары көбейіп барады. Жылдың басынан бері ғана полицейлер алаяқтықтың 88 дерегін әшкереледі. Мұның алдында Ақтөбеде үш күннің ішінде алаяқтарға алданып, қомақты қаржысынан айырылған төрт адамның полицияға шағымданғаны хабарланған болатын. Алаяқтар тұрғындардың барлығы бір миллион теңгеден астам ақшасын алып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети