Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты апелляциялық соттың қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты апелляциялық соттың қашан өтетіні белгілі болды Ақжарқын Тұрлыбай © Vk.com

Есірткі таcымалы үшін Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты апелляциялық соттың қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотталушының қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов сот отырысының 17 наурызда болатынын айтты.

"2016 жылдың 17 наурызында Ақжарқынның ісі бойынша аппеляциялық сот өтеді. Сот отырысы Гуанчжоу қаласында болады. Сотқа қорғаушылар, Ақжарқынның туыстары, сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қытайдағы өкілдері қатысады", - деді Сұңқар Нұрмагамбетов.

Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети