"Әр пышақ сұғылғаннан кейін Хусан айғайлап бауырын көмекке шақырған"

17 Тамыз 2018, 10:27
0
"Әр пышақ сұғылғаннан кейін Хусан айғайлап бауырын көмекке шақырған" - ©TVK
©TVK

Шымкентте биыл маусымда қаза тапқан 24 жастағы Хусан Турдиевтің туыстары құқық қорғау аргандарының іс-әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды TVK телеарнасы. 

24 маусымда кешке егіз туған ағайындылар Хасан мен Хусан Турдиевті Шымкент айналма жолындағы автожанармай құю станциясында ұрып кеткен. Төбелес барысында Хусан Турдиев сегіз рет пышақ жарақатын алып, ауруханада мерт болған. 

Марқұмның әпкесінің айтуынша, егіз туған ағайынды Турдиевтер жанармай құю бекетіне Забадам ауылың бір топ тұрғынымен кездесуге барған. Басындағы бейбітшіл әңгіме ұрысқа айналған. Туысының айтуынша, бірнеше күдікті Хасанды күшпен ұстап тұрған, сол уақытта Хусанға бірнеше рет пышық сұғылып, оның екеуі жүрегін жанап кетіпті.

"Әр пышақ сұғылғанан кейін Хусан айғайлап бауырын көмекке шақырған, бірақ оны көмектескізбей ұспат тұрған. Ол қансырырап, жылап Хасаннан оны құтқаруын сұраған. Бұл жанармай құю бекеті. Қатты кеш болмады, адамдар да жүрген. Бірақ ешкім араласпада, Хусанды құтқаруға көмектеспеді", - дейді Камила Турдиева.

Онда жұмысшы Вадим мен бауырлары келіп, Хусанның өлейін деп жатқанын айтып айғайлағанда ғана жігітті ұру тоқтаған. Ол Хасанға бауырын көлікке кіргізуге көмектесіп, ауруханалық жедел жәрдем бөлмесі апараған. 

Марқұмның отбасы өлімге қатысты сыбайластар бостандықта жүр деп сендіреді. "Неге қылмыскерлерді 10 күн ідеді? Оларды тапқан күнде де жібере салды. Нене ұрысқа қатысқан бес адамның біреуі ғана қамауда? Олар көмектеспегенде, ағам тірі болушы еді", - дейді Камила Турдиева. 

Марқұмның туыстары сыбайластарға неге іс қозғалмағанын, прокуратураға арыз жазғаннан кейін тергеуші жұмысын бастау үшін істі қайда аударатынын білу үшін Қаратау полиция бөліміне барды. 

Алайда істің мән-жайын айтудың орнына, полиция майоры телеарна тілшілерін қуып шықты. Ол түсірілім тобының камерасы мен микрофонын жұлып алғысы келді. Погоны бар адам өзін танстырғысы келмеді және неге полицей бөлімінде түсіруге болмайтынын түсіндіре алмады. 

"Полицей заң білімін тексеретін емтиханды тапсырмағанына көп уақыт болған сияқты, әйтпесе ол журналистердің заңды қызметіне кедергі келтіру әкімшілік, тіпті қылмыстық қудалауды көздейтінін білуші еді, - деді телеарнадағылар.

Өлімнің себебі мен оған не түрткі болғаны белгісіз. Мақұмның артында әйелі мен екі кішкентай баласы қалды. Қаратау полиция бөлімінің тергеушісі Ербол Есімовтің айтуынша, Хусан Турдиевтің өліміне қатысты бір адам ғана "Адам өлтiру" бабы бойынша қамалған, ал қалғанына бұзақылық бойынша іс қозғалған. 

Бірақ марқұмның туыстарының айтуынша, тергеу біржақты қаралып жатыр. Оған қоса ұсталған ол өзін-өзі қорғау тәсілін қолдандып деп, егіз жігіттердің өзі бес адамға шабуыл жасаған деп сендіреді. Туыстарының арызынан кейін қылмыстық іс прокуратураға берілді. Олар істі кім тергейтінін анықтайды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай