19 ақпан 2014 | 14:58

"Армада" маңындағы атыс жайлы жаңа мәлімет пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Шерниязов. Фото отбасылық мұрағатынан Тимур Шерниязов. Фото отбасылық мұрағатынан

Алматыдағы "Армада" сауда орталығы маңында болған атысқа қатысты істе жаңа мәліметтер пайда болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін 24 қаңтар күні "Армада" орталығы маңында арнайы операция жүргізілгені хабарланған еді. Бұл жерде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota Camry көлігін тінткен кезде жүргізуші мен оның жолаушысынан оғы бар екі ТТ тапаншасы табылды. Қаруды заңсыз сақтап, ұстағаны үшін бұларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ұсталғандар уақытша қамау орталығына жатқызылды. Ұсталғандардың бірінің әйелі мен адвокаты Tengrinews.kz-ке сұхбат беріп, оқиғаға қатысты өз мәліметтерімен бөлісті. "Ұсталғандардың бірі Тимур Шерниязовтың шалбарының артқы қалтасынан тапанша тапқан. Шерниязовтың өзі сол күні тапанша ұстамағанын, қаруды әлдекімнің салып жібергенін айтып отыр", - дейді адвокат Қайрат Қожахметов. Қазіргі уақытта Шерниязовтың саусақ іздері сараптамаға жіберілді. Адвокат қылмыстық іс қолдан жасалды деп отыр. Ұсталған екінші адам - Данабек Қожахметовке ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдік келтірілген. Бұл екеуінің сол күні "Армада" орталығы маңындағы "Грек тавернасы" дәмханасына неге барғаны жайлы Шерниязовтың әйелі Баян былай дейді: "Сол күні күйеуіме әлдекім қоңырау шалып, бір жаққа жылдам баруды өтінді. Оған дейін Данабекті бір де бір рет көрген емеспін, өйткені ол ешқашан үйге келмеген, күйеуімнің жақын досы да емес. Данабек пен Тимур - Алматы облысы Матай елді мекенінен, олар жерлестер ретінде сөйлесіп тұрды. Данабек те, менің күйеуім де намаз оқиды, мешітке барады". Әйел өзінің күйеуі ұсталғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан білген.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети