Арнайы операция: қауіпті қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнайы операция: қауіпті қылмыстық топ ұсталды Фото: polisia.kz

26 наурызда ІІМ, ҰҚК және БП-мен бірлесіп, сондай-ақ, арнайы жасақ бөлімшесі Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша ұсталғандардан екі "Калашников" автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, "Калашников" пневматикалық автоматы, "Ф-1" қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ, 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Ұсталған адамдарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети