"АрселорМиттал Теміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының полицейлері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып ұсталды.

Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл турады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин хабарлады.

Бұл дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына "Адам өлтіру" сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің денесі өрт шыққан пәтерден табылғаны хабарланған болатын. Оқиға орнында 1969 жылы туған әйел адамның денесі табылды. ТЖД өкілдері бес адамды эвакуациялады. Өрт 13.25 шамасында сөндіріліп, сағат 13.31-де толық сөндірілді.

Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети