"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнынан жүздеген заңбұзушылық анықталған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнынан жүздеген заңбұзушылық анықталған Сурет: arcelormittal.kz

Инспекторлар Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнынан қауіпсіздік талаптары сақталмауына байланысты 471 заңбұзушылық дерегін анықтаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ жанындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілі айтты, - деп хабарлайды nv.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инспекторлар Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнынан қауіпсіздік талаптары сақталмауына байланысты 471 заңбұзушылық дерегін анықтаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ жанындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілі айтты, - деп хабарлайды nv.kz.

Мемлекеттік инспекторлар Қарағанды облысындағы компанияның қауіпті өндірістік нысандарын тексерген. Олар көпір крандарын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, қазандықтарды, газ құбырларын, металлургиялық жабдықтарды тексерген. Мамандар анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқау беріп, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданған.

Анықталған негізгі заңбұзушылықтар:

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асырмау;
  • қауіпті нысандар мен құрылғыларды уақтылы жаңартпау;
  • өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстарды уақтылы тексермеу;
  • жүккөтергіш крандардың тірек құрылғыларын жобасыз жөндеу және дәнекерлеу қосылыстарының сапасынсыз бағалау;
  • жарамсыз аспаптары бар жүккөтергіш крандарды пайдалану;
  • қауіпті өндірістік нысанның жұмысшылар штатының жасақталмауы.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін заңбұзушылықтар бойынша 21 қауіпті өндірістік нысан мен қауіпті техникалық құрылғыны тоқтата тұру туралы талап-арыз жіберу арқылы жедел шаралар қабылданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети