Аружан Саин Абай ауылында зорланған екінші балаға қатысты мән-жайды айтты

17 Шілде 2018, 09:22
0
Аружан Саин Абай ауылында зорланған екінші балаға қатысты мән-жайды айтты -

Қоғам қайраткері Аружан Саин Instagram желісіндегі парақшасында Түркістан облысы Абай ауылында зорланған балаға қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аружан Саинның айтуынша, балаға қатысты істің жабылғаны жайлы қауесет жоққа шығарылды. 

"Біздің білетініміз - іс жабылған жоқ, тергеу жалғасып жатыр. Бала анасымен бірге Алматыда, анасының үйінде. Командамыз анасы мен баласына барлық сұрақ бойынша көмектесіп жатыр", - деп жазды Аружан Саин.

Баланың сенімді өкілі Құрманғазы Мусир қазіргі уақытта Абай ауылынан адвокат іздестіріп жатыр. Саинның айтуынша, баланың анасы мен адвокаты тергеуге қатысты қандай да бір мәлімет бермеу туралы қолхат жазды. 

Сондай-ақ, қоғам қайраткерінің айтуынша, Абай ауылының тұрғындары тағы бір баланың зорлық құрбаны болғанын хабарлаған.

"Біз бірден тергеушіге және балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері хабарладық. Бірақ ол мәліметке қатысты қандай да бір шаралар қабылданды ма, жоқ па - белгісіз", - деп жазды Аружан Саин.

Еске сала кетейік, наурыздың ортасында ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат Желіде тараған болатын. Баланы жабылып зорлағандар жоғары сыныптың оқушылары болуы мүмкін. 

Кейінірек ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай