Арыста дүкен мен тұрғын үйді тонағаны үшін үш адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арыста дүкен мен тұрғын үйді тонағаны үшін үш адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта Арыс қаласының периметрі бойынша күзет орындары қойылды. Қалада ешкім қалмады. Тұрғын үйлерге зақым келген, жарылмаған снарядтар бар. Тұрғындардың қалаға кіруіне тыйым салынған. Қалада ұрлық пен тонау деректері болмауы үшін 75 полиция жасағы жұмыс істеп жатыр. Қазір үш адам ұсталды, олар екі қылмыс жасаған: бір дүкенді қиратып, бір тұрғын үйді тонаған", - деді Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, қаладан шыққан және кірген автокөліктер тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған болатын. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапқан: бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.