26 тамыз 2022 | 09:47

Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: келтірілген залал шамамен 7 миллиард теңге

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, тергеу "Алтын адамның" әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК, "Қазақ энциклопедиясы" АҚ және "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр.

"Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге.

А.Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, осы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети