Әсел Айтбаеваның ісі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсел Айтбаеваның ісі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді Видеодан алынған

Қазақстан Грузияға Әсел Айтбаеваның ісі бойынша жедел-тергеу тобын жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Грузияға Әсел Айтбаеваның ісі бойынша жедел-тергеу тобын жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақын арада халықаралық келісімге сәйкес Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі үйлестіруімен Қазақстан ІІМ Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді. Оның міндеті - оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп, сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша Грузия тарапымен ақпарат алмасу", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.

Ол Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде Грузияда қаза тапқан қыздың ата-анасының өтініші негізінде Азамат Мейірбековке қатысты шара қабылдау туралы ҚР ҚК-ның 128-бабы бойынша соталды тергеуді басталғанын айтты.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласында УҰИ-ге қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп, соталды тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтбаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз көпқабаты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен Грузияда ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети