16 мамыр 2021 09:52

Әсел Айтпаеваның ісі: полиция марқұмның туысын ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Полиция Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әсел Айтпаеваның ата-анасының Мейірбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде ҚР ҚК 128-бабы бойынша ("Адам саудасы") сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады.

Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелетiн Мейірбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінiң уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу әрекеттерi жүріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Қыздың денесі көпқабатты үйдің маңынан табылған. Тергеушілер анықтағандай, ол өлім алдында зорланған. Жергілікті полиция күдікті, Зугдиди қаласының 57 жастағы тумасы, бұрын сотталған Бесик Тордуаны қызды зорлап, өз-өзін өлтіруге итермеледі деген айыппен қамауға алған. Өлер алдында Әсем құрбысына Тордуамен сөйлескен сәтінің бір сағаттық аудиожазбасын жіберген. Грузияның Бас прокуратурасы Әселдің алыс туысы Мұрат Мейірбековке сырттай айып таққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети