Алматы облысының құқық қорғау органы қызметкерлері шекарашаның әскери бөлімнен қашып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы облысының құқық қорғау органы қызметкерлері шекарашаның әскери бөлімнен қашып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап.
Сарбаз Алматы маңындағы Боралдай елді мекенінде орналасқан №2177 әскери бөлімде дезертирлік жасаған болатын. "Қылмыстық іс қозғалды, оны ҚР ІІМ оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр", - деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі. Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР ҚК 255-бабының 4-тармағы - "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды жымқыру немесе бопсалау" бойынша қозғалды. Мерзімді қызмет сарбазы Серік Дәулетбай өзімен бірге әскери қару мен оның екі оқ-дәрі қорабын алып кетуі мүмкін.
Бұл оқиға 18 қыркүйек күні болды. Күндізгі кезекші сарбаздың жоғалып кеткені таңғы 07.00 шамасында анықталды. "Жоғалып кеткен әскери қызметшіге іздеу жарияланды, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Оксана Парпура.
Дезертирлік жасаған сарбаз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай ауылында туған. Ол 2014 жылдың майында әскери қызметке шақырылды. Жорамал бойынша, сарбаз қашып кетерінің алдында өзге қызметтестерімен төбелескен. Іздеу жалғасып жатыр.