Сурет vesti.kz сайтынан алынды
ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарағандыда орналасқан №36352 әскери бөлімінде танк бөлімшесінің командирі өзін-өзі атып, қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Медициналық жедел-жәрдем орталығының мәліметінше, әскери мекеменің танк бөлімшесінің командирі Нұржан Қадішев өзінің жұбайымен бірге тұратын пәтерінен медициналық орталықтың жан сақтау бөліміне жеткізілген. "1980 жылы туылған жәбірленушінің жүрегінің тұсында оқ тиген жарақаты болды. Ол өзінің есін жимастан, қаза болды" дейді әскердегі суицидтің жай-жапсары туралы пікір білдірген дәрігерлер. Әскери мекеменің кезекші бөлімі де танк бөлімшесінің командирі өз-өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Енді бұған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ішкі істер органының тіркеуі бойынша оның қолданған қаруы өзінің атына жазылғаны анықталды. Еске сала кетейік, өткенде ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы №5451 әскери бөлімінде жауынгер өз-өзіне қару қолданған болатын. Әскери қызметкер Ринат Акмулдинов те алған жарақатынан қайтыс болған.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарағандыда орналасқан №36352 әскери бөлімінде танк бөлімшесінің командирі өзін-өзі атып, қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Медициналық жедел-жәрдем орталығының мәліметінше, әскери мекеменің танк бөлімшесінің командирі Нұржан Қадішев өзінің жұбайымен бірге тұратын пәтерінен медициналық орталықтың жан сақтау бөліміне жеткізілген.
"1980 жылы туылған жәбірленушінің жүрегінің тұсында оқ тиген жарақаты болды. Ол өзінің есін жимастан, қаза болды" дейді әскердегі суицидтің жай-жапсары туралы пікір білдірген дәрігерлер. Әскери мекеменің кезекші бөлімі де танк бөлімшесінің командирі өз-өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Енді бұған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ішкі істер органының тіркеуі бойынша оның қолданған қаруы өзінің атына жазылғаны анықталды.
Еске сала кетейік, өткенде ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы №5451 әскери бөлімінде жауынгер өз-өзіне қару қолданған болатын. Әскери қызметкер Ринат Акмулдинов те алған жарақатынан қайтыс болған.