Әскери сот Тоқтар Төлешовтің сыбайластарына үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әскери сот Тоқтар Төлешовтің сыбайластарына үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР бас прокурорының бірінші экс-орынбасары Ілияс Бақтыбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. ОҚО ІІД бұрынғы басшысы Хибратолла Досқалиев мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды.
Ал № 55652 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Пернебаев мүлкі тәркілене отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді және шенінен айырылады. № 35748 әскери бөлімінің командирі Бекзат Жумин 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
7 қарашада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Қазақстанда билікті зорлықпен басып алғысы келген белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты үкім шығарды.
Құпияланған істе мемлекеттік шенеуніктер және бұрынғы жоғары лауазымды жетекшілер бар. Осыған дейін ҚР ҰҚК өкілдері ҚР бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ілияс Бақтыбаевтың (зейнеткер, ІІ класстағы әділет мемкеңесшісі) және ОҚО ІІД экс-басшысы Хибратолла Досқалиевтің (зейнеткер, полиция генерал-майоры) ұсталғанын мәлімдеген болатын. Олар билікті басып алуды насихаттады және шақырды немесе ҚР конституциялық құрылымды зорлықпен өзгерткісі келді, экстремистік топ құрды, оны басқарды немесе оның қызметіне қатысты деп айыпталды.
Тергеудің нұсқасы бойынша, Төлешов билікті басып алуды жоспарлап, Бақтыбаев пен Досқалиевке Жоғарғы соттың төрағасы және ішкі істер министрі қызметтерін беруге уәде еткен.
Осы іс бойынга Бекзат Жумин (№ 35748 әскери бөлімінің командирі, полковник) мен Қайрат Пернебаев (№ 55652 әскери бөлімінің командирі, подполковник) сотқа тартылып отыр. Оларға пара алды деген айып тағылған еді. Сәкен Айтбеков (ОҚО ІІД басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі) ұйымдасқан топты, қылмыстық топты құрып, оған басшылық етті, оларға қатысты, сондай-ақ қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген айып тағылды. Мұндай мәліметтерді Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының өкілдері хабарлаған. Осы іс бойынша жалпы 25 сотталушы болды.
"Әскери бөлімдердің командирлері Жумин мен Пернебаев заңсыз сыйақы үшін Төлешовке әскери ұшақ, әскери техника және штат қаруы бар әскери қызметшілерді жеке әскери-спорттық шараға берген, Төлешов бұл шараны 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында өткізген", - деп хабарлаған еді ҚР ҰҚК өкілдері.
Төлешов Қазақстанда билікті қалай құлатқысы келді: ҰҚК нұсқасы