03 тамыз 2015 | 22:37

Астана базарында автобус жүргізушісі жолаушысын 7 мың теңге үшін пышақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "КТК" кадры © "КТК" кадры

Астана базарында автобус жүргізушісі жолаушысын пышақтады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана базарында автобус жүргізушісі жолаушысын пышақтады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, автобус жүргізушісі жол жүруден бас тартқан жолаушылардың бірін оңдырмай тепкілеп, екіншісін пышақтап тастаған. Оқиға "Шанхай" базарында болды. "Астана-Шымкент" бағытымен жолға жиналған жігіттер кенеттен ауылға қайтпайтын болып, төлеп қойған 7 мың теңгесін кері қайыруды талап етіпті. Ал автобус жүргізушісі қалтаға түскен қаржыны қайтарғысы келмесе керек.             

Видеода жолаушыларын алдына салып, таяққа жығып жүрген адам - жүргізуші. "Біреуі ауыр соққыдан есінен таңып құласа, ал енді біреуі ұнның артына қашып барып тығылған. Бірақ, үйілген қаптар жігітті құтқармады. Соңынан қуған күйі жүргізуші жынына тиген жолаушыны пышақтап тастады", - деп хабарлады телеарна.

Сонымен қатар, жолаушысына пышақ сұққан жүргізушінің сол күйі жолақысын қайырмай, Астанадан Шымкентке қарай қалған адамды алып қайтқаны хабарланып отыр. Телеарна тілшілерінің айтуынша, "Шанхай" базарының маңында тұрған қалааралық бағыттағы автобустардың бірде-бірі заңды емес. Сондықтан жүргізушілер өз билігін жүргізгісі келіпті. Десе де, оңбай таяқ жеген жолаушылар өздерін өлтіре жаздаған жүргізушіні сотқа беріп үлгерді. Іспен қазір полиция айналысып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети