Астана маңындағы отбасының өлімі: сот атышулы іс бойынша шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңындағы отбасының өлімі: сот атышулы іс бойынша шешім шығарды Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған жаппай кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі қарады. Қанды оқиғадан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Соттың мәліметінше, 2026 жылдың наурызында сотталушы анасының үйінде болған кезде жиенімен ұялы телефонның ақауына байланысты жанжалдасып қалған.

Жиені полицияға қоңырау шалған, бірақ отбасылық жанжал шешіліп, сотталушының анасы полицияға хабарласуға негіз жоқ екенін айтып, ұлына шара қолданбауды өтінген.

Қызметкерлер кеткен соң, сотталушы ашуға бой алдырып, ас үй балтасымен үй ішіндегілерге бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан оның анасы, жиені және қонаққа келген екі қарт адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза болған төртеудің үшеуі зейнеткер еді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, сотталушы параноидты шизофрения түріндегі созылмалы психикалық аурумен ауырады. Қылмыс жасаған кезде ол созылмалы психикалық ауру жағдайында болған, сондықтан тергеу амалдарына қатыса алмай, сот алдында жауап бере алмады. 2022 жылы ол психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделген, қазіргі уақытта қарқынды бақылаудағы республикалық психиатриялық ауруханада қатаң оқшаулау жағдайында отыр.

Осыған байланысты сот ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған қарқынды бақылау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу шарасын тағайындады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Астана маңындағы аяусыз кісі өлтіру оқиғасы

Наурыз айының басында мессенджерлерде тараған болатын үрейлі ақпарат тараған болатын.

Полицейлер ізін суытпай күдіктіні ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұған дейін Санжар Әділов күдікті басқа тергеу аясында ақыл-есі дұрыс емес деп танылғанын айтқан еді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +31
Ақтау +26
Ақтөбе +31
Атырау +37
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +29
П
Павлодар +33
Петропавл +27
С
Семей +30
Т
Талдықорған +34
Тараз +37
Түркістан +31
О
Орал +27
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер