Астана мешітінде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

05 Қаңтар 2018, 11:54
1
Астана мешітінде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды - © oldgazeta19.ru
© oldgazeta19.ru

Астанада мешітте ұрлық істеді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияға қала тұрғыны 4 қаңтарда сағат 15.00 шамасында белгісіз тұлға С. Рахимов көшесінің бойында орналасқан мешіттегі киім ілетін орыннан жасырын түрде күртесін жымқырып кеткені туралы арызбен жүгінген, оның қалтасында құжаттары мен ақшасы бар әмиян, ұялы телефон, автокөліктің кілті болған. Шығын 200 000 теңгеге жуық ақшаны құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында елорда полицейлері 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізу барысында оның осыған ұқсас бірқатар ұрлықтарды жасағаны дәлелденді.

Қаскүнем мешітке келушілердің біріне тиесілі бөтен адамның күртесін алып, өзінікіндей киіп, оқиға орнынан жасырынған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды. Қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті азаматтарды қырағы болуға, өз мүлкінің сақталуына ұқыпты қарауға, қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай