Астана полицейлері адам тонаған ұрыларды бірнеше минутта ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полицейлері адам тонаған ұрыларды бірнеше минутта ұстады © Тұрар Қазанғапов

Астанада адам тонаған күдіктілер бірнеше минуттың ішінде құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада адам тонаған күдіктілер бірнеше минуттың ішінде құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, полицейлер күдіктілерді бейнебақылау камерасы арқылы ұстапты. "Бүгін қаланың 31 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз адамдардың таңғы сағат бестің шамасында өзін тонап, автомобильге жасырынып қалғанын айтты. Тонау туралы хабарлама түскеннен кейін Жедел басқару орталығының операторы бейнебақылау камерасына жазылған жазбадан күдіктілердің көлігін анықтады. Оларды ұстауға жергілікті полиция қызметінің автопатрулі жіберілді. Полицейлер бірнеше минуттың ішінде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан күдіктілерді ұстап, ұрланған ұялы телефонды тәркіледі", - деді ІІД қызметкерлері.

Айта кетейік, ұсталғандар Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны болып шықты. Осы дерек бойынша "Тонау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысын анықтау үстінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети