Астана полицейлері пәтер алаяғының суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полицейлері пәтер алаяғының суретін жариялады © Тұрар Қазанғапов

Астана полицейлері пәтер алаяғының суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полицейлері пәтер алаяғының суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қасымбеков Қайрат Серікұлына іздеу жарияланды. Ол 1983 жылы 01 қаңтарда туылған.

"Қасымбеков заңсыз жолмен жылжымайтын мүлікті (екі бөлмелі пәтерді) атына шығарып алған. Ол кенеттен қайтыс болған Астананың егде жастағы тұрғынының пәтерін рәсімдеп, кейін сатып жіберген. Қазіргі таңда Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ІІД хабарламасында.

Қайрат Қасымбеков. © Астана ІІД баспасөз қызметі

Айта кетейік, елордалық полицейлер Қайрат Қасымбековтің құрбаны болғандар бар болса Астана қалалық ІІД-ге мына телефондар арқылы хабарласуды сұрап отыр: (7172)71-63-56, 71-63-69, 87024740083.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети