Астана полициясы кинотеатрдағы сатушы қызды тепкен адамның аты-жөнін атады

© Youtube

Астана полициясы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрдың дәмханасындағы сатушы қызды тепкен ер адамның аты-жөнін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД мәліметінше, Астананың 22 жастағы тұрғыны Тұрагелдиев К.-ның айтарлықтай себебі болмаса да жәбірленуші азаматшаға қатысты бұзақылық жасап, дене жарақатын салғаны анықталды.  

"Тұрагелдиевке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті Тұрагелдиев ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядағылар.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдегені хабарланған еді. Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама