15 қыркүйек 2015 10:21

Астанада кинотеатрдағы сатушы қызды тепкен ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда сатушыны ұрып-соқты делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда сатушыны ұрып-соқты делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдеген. 

Полиция қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, күдіктіні ұстады. "Оқиғаға 1993 жылғы жігіт кінәлі болып шықты, ол сатып алып жатқан өнімінің сапасына көңілі толмай (сусын) сатушыға қатысты заңға қайшы әрекет жасады", - деп хабарлады полициядағылар. Сонымен қатар, полицейлердің мәліметінше, бұл дерек Есіл аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети