Астана полициясы өз әйелін өртеп жіберген ер адамның суретін жариялады

©Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Астанада әйелін өртеп жіберген Сәдуов Қанатқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді іздеп жатыр: Сәдуов Қанат Ғайсаұлы, 30.10.1972, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының тумасы. Бұлтартпау шарасы - қамауға алу", - делінген хабарламада.

Іздеу жарияланған адамның белгілері: бойы 175-180, көзі қоңыр, шашы қара, қысқа, дене-бітімі арық. Қара күртеше киген, бейсболка және кроссовкасы қара түсті. "Қандай да бір мәлімет пайда болса мына мекен-жайға хабарласуларыңызды өтінеміз: индекс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 19, байланыс телефондары: код 8 (7172) 71-60-22, 71-60-29, 71-60-10, ұялы тел.: 87472277940, 87711003232", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда әйел адамның 60 пайыз денесін күйік шалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. Ал таяуда зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама