26 мамыр 2015 14:01

Астанада мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы № 25 мектеп. ©Tengrinews.kz Астанадағы № 25 мектеп. ©Tengrinews.kz

Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберді, - деп хабарлайды Astinfo.kz


Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберді, - деп хабарлайды Astinfo.kz

Басылымның мәліметінше, оқиға 26 мамырда, таңғы сағат 10 шамасында болды. Ер адам №25 мектептің мұғалімін өртеп жіберген. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін полиция қызметкері болғаны анықталды. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған.

Расталмаған мәліметтерге қарағанда әйел адамның 60 пайыз денесін күйік шалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. "Жедел ұстау" жоспары жарияланды.

Оқиғаның куәгері болған Аяна Байғозина Tengrinews.kz тілшісіне төтенше жағдайдың мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, отқа оранған әйел адам көшеге жүгіріп шыққан.

"Мен баламмен бірге балабақшаға кетіп бара жаттым. Біреудің "Көмектесіңдер" деген айғайын естідім, қарсыдан отқа оранған әйел жүгіріп шықты. Бастапқыда түсінбей қалдым, машиналар тоқтап, киімдермен сөндіре бастады. Оқушылар жүгіріп келді. "Жедел жәрдем шақырыңдар" деп айғайлай бастады. Балабақшадан шыққан кезде өрт сөндіру көлігін көрдім де, пәтерде өрт шығып, әйел содан өртенген шығар деп ойладым", - деді Аяна Байғозина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети