Астанада адам тонаған күдіктілер бірнеше минуттың ішінде құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада адам тонаған күдіктілер бірнеше минуттың ішінде құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, полицейлер күдіктілерді бейнебақылау камерасы арқылы ұстапты. "Бүгін қаланың 31 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз адамдардың таңғы сағат бестің шамасында өзін тонап, автомобильге жасырынып қалғанын айтты. Тонау туралы хабарлама түскеннен кейін Жедел басқару орталығының операторы бейнебақылау камерасына жазылған жазбадан күдіктілердің көлігін анықтады. Оларды ұстауға жергілікті полиция қызметінің автопатрулі жіберілді. Полицейлер бірнеше минуттың ішінде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан күдіктілерді ұстап, ұрланған ұялы телефонды тәркіледі", - деді ІІД қызметкерлері.
Айта кетейік, ұсталғандар Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны болып шықты. Осы дерек бойынша "Тонау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысын анықтау үстінде.