Астана ІІД өкілдері есірткі сатумен айналысқан адамды ұстау сәті түсірілген видео жариялады, - деп Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер елордада бірнеше ірі қылмысты ашты.
Астана ІІД өкілдері есірткі сатумен айналысқан адамды ұстау сәті түсірілген видео жариялады, - деп Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер елордада бірнеше ірі қылмысты ашты.
ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығының өкілдерімен бірге Есіл қаласында Ақмола облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Ол елордада есірткі сатумен айналысқан екен. Ер адамды тәркілеу кезінде салмағы 3 келі 500 грамм болатын есірткі және қару-жарақтар табылды.
Сонымен қатар, 15 маусымда қарулы шабуыл жасаумен айналысқандар ұсталды.
"15 маусым күні жекеменшік үйлердің біріне шабуыл жасап, ішінде 38 мың доллар қаражат және құны 300 мың доллар болатын әшекей бұйымдар сақталған сейфті ұрлаған үш адам ұсталды. Олар үй иелерін тапаншамен қорқытқан. Ұсталғандардың Жамбыл облысынан келгені, сонымен қатар, бұған дейін де сотты болғаны анықталды", - делінген хабарламада.